
«Ұлт оқитын 100 кітап» атты жаңа Youtube жоба! Кітап – тарихтың кені: онда ұлттың өткені мен бүгіні, болашағы астасып жатыр. Кітап оқыңыздар! «Әдебиет порталының» «Ұлт оқитын 100 кітап» жаңа жобасын бірге қарап, талдай жүріңіздер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 сәуірді «Ұлттық кітап күні» етіп белгілеген болатын. Осыған орай ел бойынша кітап культін, оқырмандық мәдениет қалыптастыру бағытында идеологиялық түрлі шаралар қолға алынды. Соның аясында «Ұлт оқитын 100 кітап» жалпы ұлттық жобасы қалыптасып, алғашқы 100 кітап таңдалып халыққа жол тартты. Жаңа жобаға белгілі әдебиетшілер қатыса отырып, осы таңдалған 100 кітапқа талдау жасайды.