Елімізде медициналық қызметтің қолжетімділігіне қатысты шағымдар көбейген соң, Денсаулық сақтау министрлігі маңызды өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Егер науқасқа қажет қызмет 10 күн ішінде көрсетілмесе, ол еш кедергісіз басқа клиниканы таңдай алады.
Бұл сұхбатта қазақстандық дәрігерлер Ауғанстандағы ең ауыр, жан түршіктірер көріністерді алғаш рет бүкпесіз айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, ауған халқы ерекше сабырлы, қайсар, намысшыл. Тіпті кішкентай балалардың өзі ауырса да жыламайды, сыр білдірмейді.
Әйелдердің жағдайы өте ауыр. Көпшілігі ауруханаға бара алмай, үйде босануға мәжбүр. Соның салдарынан ана мен бала өлім-жітімі өте жоғары. Кейбір отбасыларда бес баланың төртеуі шетінеп кетеді. «Неше балаң бар?» деп сұрағанда, «біреу» деп айтады, ал кейін «төртеуі қайтыс болды» деп қосады. Балалардың көбі тамақсыз қалған, инфекция жұқтырған немесе жарақат алған. Босқындар лагеріндегі көріністер тіпті ауыр: бір ғана кішкентай шатырда 20–30 адам тұрады, көбісі – балалар. Жылу жоқ, дәрі жоқ, таза су жоқ. Ауғанстанда медицина өте әлсіз. Аппараттар жетіспейді, кей жерде мүлде жоқ. Соның кесірінен көптеген адамдар аяқ-қолын сақтап қалу мүмкіндігінен айрылып, ампутацияға тап болады. Инфекциялық аурулар көп, медицина мамандары жетіспейді, оның ішінде әйел дәрігерлер тіпті аз. Соған қарамастан, ауған халқы дәрігерлерге ерекше құрметпен қарайды. Қазақстаннан барған мамандарға олар ризашылықпен қарап, «көмек көрсеткен елді ешқашан ұмытпайтынын» жеткізген.
Бұл шығарылымның қонағы - Берік Молдабаев, кәсіпкер, спорт насихатшысы, әлеуметтік жобалардың авторы.
Берік мырза Ironman жарақатсыз болмайтын, аса шыдамдылықты талап ететін қымбат спорт екенін ашық айтады. 40 градус аязда суға түсу, ұйқы мен тамақ тәртібі, мақсатқа жету үшін той мен жиыннан бас тарту - оның күнделікті дағдысы. Италиядағы халықаралық жарыста 3500 адамның алдында көк туды желбіреткен сәті, құрылыс компаниясына жұмысқа тұрып Ironman-ге қатысуы, ерте тұрудың әдістері — осының бәрін толық баяндайды.
С 1 января 2026 года в Казахстане вступает в силу новый Налоговый кодекс, который станет крупнейшей реформой последних лет. Одно из ключевых изменений - повышение ставки НДС с 12% до 16%. Главный вопрос остаётся открытым - готово ли общество к самой масштабной налоговой реформе последних лет?
de. YouTube арнасының кезекті қонағы – Эльнара Байназарова, БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің баспасөз қызметінің басшысы. Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл, ал Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастыққа 30 жылдан астам уақыт өтті. Осы мерейтойлар аясында бағдарламада Қазақстан мен БҰҰ-ның бірлесіп жүзеге асырып жатқан ең өзекті мәселелері, сондай-ақ дипломатиядағы маңызды келіссөздер, әлем саясаткерлерінің имиджі, халықаралық коммуникацияның қыр-сыры кеңінен талқыланады.
«МалТап» жобасында жас та болса бас болып, табыс тауып жүрген кәсіпкерлермен таныстырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Астана қаласындағы подкаст студия жетекшісі - Ерлан Мусипов. Студия кәсібін қалай және неден бастағанын, бүгінде контентмэйкерлерге не жетіспейтінін, студия ашқысы келетін жас кәсіпкерлерге өз кеңестерімен бөлісті
De.Media арнасының қонағы – экономист Сапарбай Жұбаев. Сарапшы банктердегі несие пайыздары, инфляция, жалақы деңгейі және той шығындары мәселелеріне қатысты өз пікірін білдірді. Сапарбай Жұбаев қарапайым тілмен экономикалық жағдайды түсіндіріп, халыққа қаржыны дұрыс басқару бойынша кеңес берді. Сұхбатты көріп, пікір жазыңыз.
ИИ внедрён в 648 хозяйствах и 41 перерабатывающем предприятии страны. В этом выпуске рассказываем о том, как цифровые технологии и искусственный интеллект меняют агропромышленный комплекс Казахстана. Узнаем, как точное земледелие, дроны, IoT-системы и Smart-фермы помогают повышать урожайность, снижать издержки и автоматизировать производство.
De.Media арнасының қонағы — профориентолог Динара Оспанова. Ол оқушының мамандықты қай кезеңнен бастап таңдағаны дұрыс екенін, қазіргі нарықта жұмыс берушілердің қандай талап қоятынын және осы тақырыпқа қатысты басқа да маңызды сұрақтардың жауабын айтып берді.
Қазақстандағы банк жүйесі қоғамдағы басты даулы тақырыптардың біріне айналды. Мемлекет те халықтың уәжін ескеріп, заңға өзгерістер енгізіп жатыр. Осы тұста Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов банктердің жұмысына қатысты бірнеше өзекті мәселені көтерді. Оның айтуынша, шамадан тыс еркіндік пен бақылаудың әлсіреуі банктерді заңсыздыққа итермелеп, тұтынушыларды қорғау тетіктерін әлсіреткен.
Сұхбат барысында депутат бірқатар маңызды проблемаларды атап өтті:
– 2020 жылдан бері банк жүйесіндегі бақылаудың төмендеп, алаяқ схемалардың күшейгені;
– банктер үшін тұтынушылық несие ең табысты бағытқа айналғаны;
– банкке бармай, құжат көрсетпей рәсімделген несиелердің барлығы заңсыз екені;
– биометрия заңсыз өтсе, мұндай несиелерді банк толық өтеуі тиіс екені;
– кей банктердің биометрияны өздері заңсыз өткізген фактілері;
– банктердің алаяқтармен сыбайлас болуы мүмкін екені;
– несие рәсімдеген қызметкерлерге қылмыстық жауапкершілік енгізудің маңыздылығы;
– банктер арасындағы бәсекенің жоқтығы пайыздық мөлшерлемені қолдан көтеріп отырғаны.
Әбеновтің дерегінше, соңғы екі аптада 350-ден астам азамат несие дауына шағымданған. Бұл банк саласындағы мәселенің қаншалықты тереңдегенін көрсетеді.
De.media арнасы назарларыңызға кезекті сұхбатты ұсынады.
Бұл жолғы қонақтарымыз:
1. Айгүл Жұманова – қаржы сарапшысы
2. Ерболат Мыңғышпан – тұрғын үй саласының сарапшысы
Бағдарлама барысында үй алудың тиімді жолдары мен ипотекалық бағдарламалар жайында сөз қозғаймыз.
DE.Media арнасында жаңа сұхбат! Бүгінгі тақырып - креативті индустрия және дизайнерлердің үлесі. Студия қонағы - сән саласында бірнеше жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Ол бүгінде өңірлердегі жас дизайнерлер мен сән әлемінің саңлақтарын біріктіріп, саланың дамуына өз үлесін қосып жүр.
Жақында ғана жоғары оқу орнында сән апталығын ұйымдастырып, жас таланттарға шабыт берген бұл маманмен шығармашылықтың, еңбектің және табандылықтың құпиясы жайлы әңгімелесеміз.
Соңғы жылдары Қазақстанда пиар саласы жаңа деңгейге көтерілді. Подкастта Қазақстандағы пиар саласының қазіргі ахуалы нақты мысалдармен талданады. PR маманы Ақсұлу Саңғали мен журналист Қаламқас Нысанбай қоғамдық пікір не себепті қалыптаспай отырғанын, ақпарат тарағанымен не себепті талданбайтынын нақты деректермен түсіндіреді.
– Қазақстандық пиар саласының кәсіби деңгейі.
– Орыстілді пиардың қазақтілді аудиторияның менталитетін ескермейтіні.
– Үкіметтің тиімді бағдарламалары неге халыққа дұрыс жеткізілмейді?
– PR-дағы манипуляция, жалған ақпарат және эмоция арқылы әсер ету тәсілдері.
– Халықтың ақпараттық сауаты мен медиамәдениеттің төмендігі нақты мысалдар.
– Тұрсынбек Қабатовтың жағдайы пиар тұрғысынан талданып, оның абыройын қорғаудың балама жолдары ұсынылды.
– Cancel culture, фейк ақпарат және қоғамның агрессияға бейімділігіне қатысты пікірлер.
Маман хайптың да өз рөлі бар екенін, оны дұрыс пайдаланған жағдайда қоғам назарын маңызды мәселелерге бұруға болатынын атап өтті.
Билік пен халық арасындағы коммуникация дағдарысына баспасөз мәтіндерінің әсері нақты мысалдармен дәлелденді.
Подкаст қонағы: Ақсұлу Саңғали, PR маманы
С 2021 года казахстанцы потеряли почти полтриллиона тенге, став жертвами различных мошеннических схем. Только за этот год ущерб от интернет-афер превысил 40 миллиардов тенге, а число киберпреступлений выросло на 22%. Почему число таких преступлений растёт, какие схемы сегодня самые распространённые и как защитить себя от онлайн-мошенников - расскажем в этом выпуске.
Қазақстанда археология саласындағы қарақшылық күшейіп барады. Көне ескерткіштер тоналып, қасиетті жерлер бүлініп жатыр. Кей әкімдіктер мұны біле тұра үндемейді. Бүгінгі подкаст қонағы – тарихшы-археолог Әзілхан Тәжекеев осы жайында сөз қозғады. Ол заңсыз қазбалардың қалай жүргізілетінін түсіндірді. Хан ордаларының зерттелмей жатқанына тоқталды. Археологиялық қарақшылықпен айналысатындардың тарихты өте жақсы білетінін, тіпті заңнан хабардар екені жайлы да айтты.
Подкаста музей тақырыбы да қозғалды. Музей – ғылым мен халық беттесетін орынға айналуы керек. Бірақ көпшілік әлі күнге дейін музейге қызықпайды. Тағы бір өзекті тақырып – Оңтүстіктегі «қолдан жасалған әулиелер».
Сондай-ақ подкаст барысында ДНҚ зерттеуінің тарихқа әсері талқыланды.
Подкаст қонағы: Әзілхан Тәжекеев, тарихшы- археолог
Мал Тап жобасының мақсаты – адал кәсіп, маңдай термен табысқа кенеліп жүрген жастарды таныстыру, үлгі ету. Бүгінгі кейіпкеріміз – 15 жасында жиһаз цехін ашқан Айқын. Ол кәсіпті қалай және неден бастағанын, еңбектің арқасында әкесіне қандай көлік алып бергенін, қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін бүкпесіз айтып берді.
Есектің артын жусаң да, МАЛ ТАП!
DE.MEDIA арнасының қонағы — авиация маманы Абыл Кекілбаев. Бағдарламада Air Astana компаниясындағы өзгерістер, Питер Фостердің кету себебі мен авиация саласындағы өзекті мәселелер сөз болды. Ұшақтардың жиі кешігуі, аймақтық рейстердің азаюы, ұшқыштардың жалақысы және әуе қауіпсіздігі тақырыптары жан-жақты талқыланды.
Бүгінгі шығарылымда нутрициолог, диетолог Жанна Нұрбергенқызымен сұқбат құрдық. Сарапшы энергетик сусындардың адам ағзасына, әсіресе жасөспірімдер мен ер адамдардың репродуктивті денсаулығына тигізетін зиянын ашық айтты.
Маманның дерегінше, 2022 жылғы статистика бойынша жасөспірімдердің 43 пайызы энергетик сусындарды күн сайын тұтынады. Бұл сусындар ұрықтың дамуына генетикалық тұрғыдан көп зиян келтіреді екен. Соңғы жылдары ер адамдар арасындағы бедеулік жиілеген. Ал 0,5 литрлік бір құтыдағы энергетик сусын құрамында шамамен бір кесе шығатын (120 грамм) қант болады.
Ал энергетик сусынды екі апта бойы үзбей ішіп, ауруханаға түскен адамдар да кездеседі. Жанна Нұрбергенқызы энергетик сусындарға тәуелді болудың бірнеше себебін айтты. Ал, ересек адамдардың бұл сусын түрлерін ашық тұтынуы балаларға кері «үлгі» болып отыр. Маманның айтуынша, энергетик сусынды 3–4 айда бір реттен жиі ішуге болмайды.