Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
Sports
TV & Film
Technology
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts221/v4/e2/4e/cb/e24ecbfd-5464-c66e-5bbd-68af1b5bdce5/mza_399527581735644197.jpg/600x600bb.jpg
РУХАНИ ПОРТАЛ
РУХАНИ ПОРТАЛ
276 episodes
1 day ago
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт-дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз. ✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз.
Show more...
Religion & Spirituality
RSS
All content for РУХАНИ ПОРТАЛ is the property of РУХАНИ ПОРТАЛ and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт-дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз. ✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Құрметті тыңдарман. Бұл құндылықтар күллі қазақ халқынық хақы саналады. Қалауыңызға қарай кез-келген форматта оқып-тыңдап-көре аласыз.
Show more...
Religion & Spirituality
https://d3t3ozftmdmh3i.cloudfront.net/staging/podcast_uploaded_episode/40640765/40640765-1748683023157-24f35428e6b21.jpg
Марқұмның атын атап, құран оқу | Салт-дәстүр сөйлейді
РУХАНИ ПОРТАЛ
3 minutes
5 months ago
Марқұмның атын атап, құран оқу | Салт-дәстүр сөйлейді

Марқұмның атын атап, құран оқу

Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне:

– Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер. Мен көптің бірі емеспін. Жарты әлемді билеген сүйегі асыл, қаны қасиетті патшамын. Менің қияметте танымайтын бөтендермен қатар тұруым жараспас. Мақшар алаңына жиналуға Алладан әмір болғанда бір өзім бір мекеннен жалғыз тұрып Алланың алдына бір өзім дараланып барғым келеді, – дейді.

Дүниеден өткен соң, уәзірлері, туыстары қырық күн ақылдасып, бұрын-соңды адам ұрпағы жерленбеген жер іздепті. Кеңесе келе олар Ескендір патшаны биік таудың ұшар басына апарып жерлейді. Нөкерлері патшамызды кісі баласы көмілмеген тың жерге жерледік деп қайтыпты.

Күндердің күні анасы ұлын сағынып, моласына барыпты. Оның рухымен тілдеспек болып:

– Ескендір! – деп дауыстайды. Ешкім үн қатпайды. Екінші мәрте:

– Ескендір, ұлым! – деп тағы бір дыбыстайды. Анасы ұлын он рет атап шақырса да жауап болмапты. Ақырында анасы Ескендір Зұлқарнайын деп шақырады. Сол кезде әруақ тіл қатады.

– Балам-ау, мен бағанадан бері неше рет шақырып жатырмын. Неге дыбыс бермедің? Әлде ол жақтағы жағдайың ауыр ма? – депті. Сонда ұлы:

– Жоқ, анашым. Бәрі жақсы. Сіз атымды ғана атап шақырғанда мұнда талас басталды. Себебі, алақандай жерде есімдері Ескендір қойылған үш жүзге жуық әруақ қатар жатырмыз. Атымыз аталғанда:

– Мені шақырып жатыр. Жоқ, мені шақырып жатыр, – деп таласып қалдық. Ақырында, Зұлқарнайынды қосып айтқанда ғана талас тоқтады. Күмәнсіз мені ғана шақырғаны анық болған соң, басқалары жол берді, – депті.

Осыдан бастап, өлген кісіге Құран оқып, дұға жасағанда әкесінің және атасының есімдерін де қосып атау дәстүрге айналған екен.

-------------------------------------------------

🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:

Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .

📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.

📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme

• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy

• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал

• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052

• VK: https://vk.com/club224884126

*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss