Дәуітке тиіспе
Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға атылып, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі. Қариялардың бірі:
– Дәуіт пайғамбардан көмек сұрайық. Аллаға тілегімізді жеткізіп, мына пәледен құтқарсын, – дейді. Оның сөзін бәрі қоштайды. Сөйтіп Дәуітке хабаршы жібереді.
Дәуіт Мақпар тауында ұста екен. Хабаршы ел тілегін айтып, көмек сұрайды. Дәуіт кеудесінен бір түйме үзіп алады. Оны төске қойып, балғамен үш рет ұрады. Түймесі жәндікке айналады. Оны хабаршыға беріп:
– Қалаға кіргенде босат. Жыланды қуып шығады, – дейді.
Халқы Дәуітті күтіп отырады. Хабаршыны көріп:
– Дәуіт қайда? – деп сұрайды. Жігіт жәндікті көрсетіп:
– Міне, – дейді. Жәндік секіріп түсіп, жыландармен айқасқа түседі. Қылыш қолымен жыланның көзін ойып, қаладан қуып шығады.
Ерлігіне риза болған ел оны «Дәуіт», «Дәуіттің жәндігі» деп атап кетеді. Оған қасиетті, киелі деп құрмет көрсетеді. Үйге дәуіт келсе, «пәле-жала есіктен кетеді, құт төбеден келеді» дейді. «Дәуіт бар жерде жылан жүрмейді», «Дәуітті жер – тәуір жер», «Дәуітке көзінен айрылар жылан кездеседі», «Дәуітті тәу еткен құр қалмас» деген тәмсіл сөздер осыдан қалыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Құмырсқаға тиіспе
Қазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайтын болғандықтан, оны жөнсіз өлтіруге болмайды деп санайды. Себебі құмырсқа діни аңыздарда Нұх пайғамбардың кемесіне азық тасуға жәрдемдескен екен.
Нұх пайғамбар кеме жасап болған соң, Тәңірден:
– Уа, Тәңірім, мынадай алып кемеге мұншалықты көп азықты қалай жинаймын? – деп сұрайды. Жаппар Хақ:
– Құлым, қам жеме. Мен – шебер Алламын! Кемең ертең азыққа толады, – дейді. Ертесіне қисапсыз құмырсқалар аузына бір-бір дәннен тістеп, кемеге астық тасиды. Нұх оларға риза болғандықтан, құмырсқа кемеге бірінші болып кіреді .
Жүсіп пайғамбар сегіз жыл зынданда жатқанда аштан өлу қаупі туады. Сонда Алланың әмірімен құмырсқалар азық тасып, Жүсіпті асырайды. Жүсіп пайғамбар оларға риза болып:
– Илеуің бұзылмасын, ешкім саған жәбір көрсетпесін, – деп бата беріпті. Содан бастап қазақ арасында «құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды» деген ырым қалыпты деседі.
Тағы бір аңызда құмырсқа Сүлеймен пайғамбарға ақыл-кеңес беріпті. Бірде Сүлеймен құмырсқаға қонақ болады. Үйіне қайтқалы жатқанда Мәзере құмырсқа:
– Сүлеймен, бір қолқам бар, – дейді.
– Құлағым сенде, – дейді.
– Біз кішкентай болғандықтан, адамның аяғының астында қалып, өліп қалып жатамыз. Бұдан былай әскерің қызыл жалау ұстап жүрсін. Қызыл түсті көргенде тапталмас үшін біз жол беріп қашайық, – депті.
– Дегенің болсын, – деп құмырсқамен қоштасады. Содан бері Сүлейменнің әскері қызыл жалау ұстап жүретін болыпты. Құмырсқалар да әліге дейін қызыл жалау көрсе, індеріне қашады екен. Сондықтан да бағбандар бау-бақшаға құмырсқа қаптап кетсе, қызыл шүберек байлап қояды. Оны көрген құрт-құмырсқа дереу індерінетығылып, бақшаға жоламайды екен. Кейбір кісілер үйлерін құмырсқа басып кеткенде дәрі шашып қырмайды. Бөлмеге қызыл матадан жасалған майда жалауларды қадап шығады. Туларды көрген жәндіктер аз уақытта көзден ғайып болады екен.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Сақалыңды сипама
Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету үшін Әбілет пен Тәбілет деген екі, мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп:
– Сендерді жер бетіне жібердім. Қақ тастан үй тұрғыздым. Әдептен аспай, менің берген нығметтеріме шүкіршілік етіп, сән-салтанатпен тату-тәтті тіршілік кешіңдер. Ұрпақтарыңды көбейтіңдер. Бірақ, некесіз, дәретсіз қосылмаңдар, ұрпақтарың азады, – дейді.
Олар мінсіз, сұлу болғандықтан бір-бірін көріп ынтықты. Алланың әмірін ұмытып, некесіз қосылады. Одан Ібіліс туады. Олардың бірінші ұрпағы некесіз болғандықтан, Тәбілеттің толғағы ауыр болыпты. Ол Ібілісті қара тастың үстінде босанады. Сол кезде Ібіліс иегімен қара тасқа құлап түседі. Содан иегі екіге жарылып, ойылып қалады. Қазақтағы «иегің тасқа тигір» деген қарғысы осыдан қалған екен.
Ібіліс кейін ержеткенде иегіндегі жырықты жасыру үшін қауғадай етіп сақал қойыпты. Бірақ, сақалын жел ұшырып, иегіндегі жырық көрініп қалады екен. Ібіліс адам кейпінде ел ішіне кіргенде сақалы ашылып кетпес үшін үнемі екі қолымен сипай береді екен. Осыған байланысты қазақта «сақалды сипай берме, шайтан қағып кетеді» деген ырым қалыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Бетіңді баспа
Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты. Ұяттың отынан бетін басып отырып қалады. Екі бетінің нұры солып, жүздері қап-қара болып кетеді. Әдетте, осындай ауыр күнә жасаған адамдар екі бетін басып отырып қалады екен. Сондықтан «себепсіз екі бетіңді баспа» дейді. Ал, Әбілет пен Тәбілеттің жүздері қарайып кеткендіктен зина жасаған адамдарды жүзіқара деп атайтын болыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Ашына атауы
Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті. Жынның нәсілі қыз екен. Олардың соңынан Түлен мен Құлан деген екі егіз ұл, Албасты мен Үббе деген екі қыз туады. Ібіліс өзінің туған қарындасы Ашынаға көңілі ауады. Бірақ әке-шешесі оны Жынға айттырып, Ашынаны Диюға бермек болады. Ібіліс әке-шешесіне білдірмей Ашынамен көңіл құрады екен. Осыдан бастап некесіз қатынас қылып, күнә жасайтындарды «ашына», «ашыналар» деп атайтын болыпты.
Бір күні Әбілет пен Тәбілет оны біліп қойып, Ібілісті қуып жібереді. Ол ата-анасына ерегісіп, Алланың дәргейіне алаңсыз қызмет етуге кетіп қалады.
Әбілет пен Тәбілеттің ұрпағы жер бетінде арсыз, опасыз, ұятсыз, сайқал іс-әрекеттердің алғашқы ұрығын шашқан екен. Содан бастап осыған дейін Адам ұрпағын арсыз істерге шатылуы Әбілет пен Тәбілеттің ұрпағынан қалған екен деседі. Жер бетін ойрандағаны үшін періштелер оларды тозаққа сүйрей жөнеледі. Сол кезде олардың ұрпағы тым-тырақай қашады. Қапылыста Жын мен Дию күлге тығылады. «Күлдің үстінде ойнама», «күлді баспа», «күлді есіктің алдына төкпе» деген тыйымдар осыдан қалыпты. Албасты мен Үббе суға сүңгіп жоғалады. «Түнде суға барма», «түнде жалғыз шомылма» деген тыйымдар осыған орай айтылған. Құлан мен Түлен бұталардың арасына сіңіп, ғайып болады. «Бұтаның түбіне ұйықтама», «біссмілласыз жатпа» деп айтатыны осыдан екен. Ашына лас қоқыстарды паналапты. Ашына болған адамдар осыдан бастап жасырынып іс қылатын болыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Ысқырма
Әбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын-пері, диюлар әке-шешесіне қарай асығатын болыпты. Діни-аңыздардың баяндауынша, періштелер әке-шешесін тозаққа алып кеткелі, жындар күл-қоқыста жасырынып жатады екен. Егер біреу байқаусызда ысқырса, «әке-шешеміз келіп қалған ба?» деп қуана сол адамға жүгіреді дейді. Егер оның адам баласы екенін көріп, сонша жерден жетіп келген алданғанын білсе, ашуланып адамды ұрады екен. Ондай адам ақыл есінен айырылып, жынданады деседі.
Сондықтан «ысқырма, шайтанды шақырасың» деген тыйым пайда болыпты. Әсіресе, үйдің ішінде, қорада ысқыруға болмайды дейді. Үйді жын-жыпыр жайлап алуы мүмкін деген сенім бар.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Саусақты сықырлатпа
Ібілістің әке-шешесі Әбілет пен Тәбілет құлшылық кезінде таңдайын қағып, оғаш дыбыс шығарады екен. Ал тәспі тартқанда саусақтарын сықырлатады екен. Ұлық Алла оларды осы жаман әдетінен қанша тыйса да, олар жалғастыра беріпті. Осының кесірінен Әбілет пен Тәбілет Тәңірдің теріс назарына ілігіпті. Осыған орай, қазақтар балаларын «таңдайыңды тартпа, саусағыңды сықырлатпа, ол – шайтанға тартқан тәспің. Бағың байланады, бақытың қайтады» деп тыйып отыратын болыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Үйге сол аяқпен кірме
Әбілет пен Тәбілеттің оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады екен. Олар үйге кіргенде үнемі сол аяқпен, сыртқа шыққанда оң аяқпен қадам басады екен. Соның кесірінен үйін жұт жайлап, құты далаға қашыпты. Береке дарымапты.
Тәңірсі Адам атаны жаратқанда:
– Сенің оң аяғыңа құтты, сол аяғыңа жұтты жасырдым. Оң қолыңа береке дарыттым. Басқан қадамың оң болса, құтың да қасыңда болар, – дейді. Содан бастап Адам ата жолға шыққанда, үйге кіргенде, бір іске бекінгенде оң аяқпен «біссімілдә» деп бастайтын болыпты. Киімді оң жақпен киіп, сол жағынан шешеді екен. Сәлемдескенде де береке болсын деп оң қолын ұсынады. Осы үлгі өнеге кейінгі барша ұрпағына таралыпты.
Енді бір қадым аңыздарында Жаппар Хақ әу баста тозақты жаратпақ ниетте емес еді деп баяндалады. Әбілет пен Тәбілет үйге сол аяқпен кіргенде тозақ пайда болған екен. Ұлық Алла екеуінің оспадарсыз іс-әрекеті мен бұзық ниетіне қарай тозақты жаратыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Шапанды желбегей жамылма
Әбілет пен Тәбілетке Алла тағала көктен шапан түсіріп:
– Жалаңаш жүрген жақсы емес. Тәндеріңді көрсетпей, үстеріңе шапан киіп жүріңдер, – дейді. Олар шапанды желбегей жамылғанда жеңдеріне жамандық ұя салыпты. Осының кесірінен олар бәле-жалаға жиі шатылыпты. Содан бастап қазақ арасында шапанды, үстіңгі киімді желбегей жамылмау туралы тыйым пайда болыпты.
Сонымен бірге, шапанды әруақтар, қолы жоқ кемтар, мүгедек адамдар желбегей жамылады деген де түсінік бар. Бұлай істеу өлім шақырады, жамандық шақырады деп жориды.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Жақты таянба
Әбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай-дүлей болып, астан-кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде «жақты таянуға болмайды» деген ырым пайда болыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді. Олар періште болғандықтан нәсілі еркек те, әйел де емес екен. Екеуі аяқтарын айқастырса, әйелге, аяқтарын талтайтып отырса, еркекке айналыпты. Ер адамға аяғын айқастыру жараспайды екен. Ал қыз балаға аяғын талтайтып отыруға осылайша тыйым салыныпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді. Тұңғыш рет жерде өсетін тамақты жегендіктен, адамның асқазаны бірінші рет ас қорытып, нәжіс шығаратын болды. Онда пейіштің былғанатыны анық еді. Сол кезде Ұлық Алла қаһарына мініп, Адам ата мен Хауа ананы жәннаттық мәртебесінен айырады. Алланың әмірімен олар пейіштен қуылып, жерге түседі.
Жеп қойған бидайдың қалдығы адамның асқазанында отыз күн қорытылмай жатып қалады. Одан түгел тазару үшін Алла оларға отыз күн ораза ұстауға әмір беріпті. Содан бастап Рамазан айында отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстау мұсылманға парыз болып бекіпті.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Марқұмның атын атап, құран оқу
Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне:
– Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер. Мен көптің бірі емеспін. Жарты әлемді билеген сүйегі асыл, қаны қасиетті патшамын. Менің қияметте танымайтын бөтендермен қатар тұруым жараспас. Мақшар алаңына жиналуға Алладан әмір болғанда бір өзім бір мекеннен жалғыз тұрып Алланың алдына бір өзім дараланып барғым келеді, – дейді.
Дүниеден өткен соң, уәзірлері, туыстары қырық күн ақылдасып, бұрын-соңды адам ұрпағы жерленбеген жер іздепті. Кеңесе келе олар Ескендір патшаны биік таудың ұшар басына апарып жерлейді. Нөкерлері патшамызды кісі баласы көмілмеген тың жерге жерледік деп қайтыпты.
Күндердің күні анасы ұлын сағынып, моласына барыпты. Оның рухымен тілдеспек болып:
– Ескендір! – деп дауыстайды. Ешкім үн қатпайды. Екінші мәрте:
– Ескендір, ұлым! – деп тағы бір дыбыстайды. Анасы ұлын он рет атап шақырса да жауап болмапты. Ақырында анасы Ескендір Зұлқарнайын деп шақырады. Сол кезде әруақ тіл қатады.
– Балам-ау, мен бағанадан бері неше рет шақырып жатырмын. Неге дыбыс бермедің? Әлде ол жақтағы жағдайың ауыр ма? – депті. Сонда ұлы:
– Жоқ, анашым. Бәрі жақсы. Сіз атымды ғана атап шақырғанда мұнда талас басталды. Себебі, алақандай жерде есімдері Ескендір қойылған үш жүзге жуық әруақ қатар жатырмыз. Атымыз аталғанда:
– Мені шақырып жатыр. Жоқ, мені шақырып жатыр, – деп таласып қалдық. Ақырында, Зұлқарнайынды қосып айтқанда ғана талас тоқтады. Күмәнсіз мені ғана шақырғаны анық болған соң, басқалары жол берді, – депті.
Осыдан бастап, өлген кісіге Құран оқып, дұға жасағанда әкесінің және атасының есімдерін де қосып атау дәстүрге айналған екен.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Марқұмдарды риза ет
Жүрек көзі ашылған бір әулие жапан түзде келе жатып, түнде жалғыз қалады. «Жалғыз қалсаң, зиратқа түне» деген сөз есіне түсіп, қорымға барып қоныпты. Түннің бір уағы болғанда ол қабір әлемінде еріндері кезеріп, беттері жарылып шұбырып кетіп бара жатқан тобырды көреді. Бұл олардың көшбасшысымен тілдесіп:
– Кімсіңдер? Бұл не тобыр? Жаяулап-жалпылап қайда бара жатырсыңдар? – деп сұрайды. Әруақ:
– Біз осы қорымдағы әруақтармыз. Ұлық Алла бізге мейірім-шапағат етіп, әр сәрсенбі кешке қарай құранның сауабын алу үшін үйімізге қайтарады. Егер ұрпақтарымызда құран оқытатын жер болса, сол жерден нұр алып, қуат алып, жұма күні түстен кейін қайтамыз, – дейді де жүріп кетеді.
Әулие кісі оқиғаның нәтижесін көру үшін жұма күні қорымға тағы да түнепті. Бұл жолы көштің алдында желмая мінген бақытты кісілер келе жатыр екен. Оларға сәйгүлік мінген қуанышты жандар ілесіпті. Осылайша көш сән-салтанатымен жалғасып кете беріпті. Көштің соңғы жағында тай мінген, тайқар мінген пақырлар келе жатыр. Ең соңында бір кемпір мен шал арып-ашып, көшке зорға ілесіп келеді. Әулие кісі осы екі бейбақпен тілдесіп:
– Сендер неге жаяу келе жатырсыңдар? Сендерге не себепті көлік нәсіп болмады? – деп сұрайды. Олар:
– Біз екі күн құран дәметіп, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Ешбір үйде бізге арнайы құран оқылмады. Ал мына сән-салтанаты асып, көліктің жақсысын мінгендер – құранға қарық болғандар. Түйе мінген, ат мінген бақытты жандардың бала-шағасы арнайы ас беріп, көрші-қолаңдарын жинап, марқұм бауырларына құран оқытты. Ал біздің артымызда жалғыз ұл қалып еді. Одан хабар жоқ. Өлі болса, қасымызда жүрер еді. Соған қарағанда, ол тірі. Бірақ бізге арнап құран бағыштаған емес. Соның себебінен біз осындай пұшайман халге түстік. Қабірстанда құраннан басқа зат бізге азық болып жарытпайды екен, – деп мұңын шағыпты. Ертесіне әулие кісі қос бейбақтың жалғыз ұлын бір байдың қойын бағып жүрген жерінен тауып алып:
– Әй, балам! Мына баққан малыңа бай не ақы төлейді? – деп сұрайды.
– Жылына он саулық, – дейді қойшы.
– Тілімді алсаң, бір саулықты сойып, әке-шешеңе құран оқыт. Олар құранға мұқтаж, – дейді.
– Мен өзім жарлы жетіммін. Тапқан малым қара басыма зорға жетеді. Жасым келсе де, әлі қатын ала алмадым. Құран оқытуға шамам жоқ, – дейді ол. Әулие кісі:
– «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген. Ата-анаңның әруағын риза етсең, тұрмыс-тіршілігіңді Тәңір өзі түзейді. «Тірі дүниеге тоймайды, өлік құранға тоймайды» деген. Бірінші солардың мұқтаждығын өте, – дейді. Жетім бала әулиенің тілін алып, бір саулығын сойып, бейсенбіде көрші-қолаңды жинап, құран оқытады. Әулие жұма күні қорымға тағы түнейді. Баланың ата-анасы қос-қос тұлпар мініп, көштің алдында мейманасы тасып, шат-шадыман халде келе жатыр екен. Көп ұзамай, жетім баланың мал-басы көбейіп, жақсы жерден қалыңдық айттырып, ешкімге күні түспейтін бақытты ғұмыр кешіпті.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Құранның шарапаты
Бірде Ғайса пайғамбар сапарлап келе жатып, жол жиегіндегі моланы көреді.
– Уа, Жасаған Ием, бұл мола кімдікі? – деп сұрайды. Алла:
– Бір пақырдың моласы? – деп жауап береді.
– Мұның ахиреттік жағдайы қалай?
– Тірісінде құлшылық пен сауаптан мақұрым болған. Тек өлейін деп жатқанда кәлимаға тілі зорға келді.
– Апыр-ай, онда жағдайы қиын шығар. Мен тірілтіп, түрін көрсем бола ма? – деп рұқсат сұрайды. Алла:
– Рұқсат! – дейді. Ғайса дұға қылып еді, өлік моладан тіріліп тұра келді. Қараса сымдай тартылған сымбатты, көркем жігіт екен. Екі бетінен нұры тамып тұр. Ғайса түсінбей:
– Уа, Тәңірім, сен мына адамды құлшылық пен сауаптан мақұрым болған сорлы деп едің. Мынаның бет әлпетінен пейіштің лебі есіп тұр ғой, – дейді. Сонда Алла:
– Бұл пақырдың моласы жол үстінде жатыр. Өмірде ғапыл болғанымен, жанынан өткен-кеткен адам дұға оқып, бет сипайды. Жиі оқылған дұғалардың шарапаты оның жатқан жерін жайлы етті. Жанын менің нұрыммен шомылдырды, – деп жауап береді. Осыдан соң Ғайса кез келген қорымның жанынан өткенде дұға жасамай өтпейтін болыпты.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Бата беру
Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті.
Бір күні уахи ала келген Жебірейіл періштенің өзін дастарханға сүйрейді. Жебірейіл:
– Асыңа рақмет, әй, Алланың халилі. Мен Алланың уахиын жеткізу үшін ғана келдім, – дейді асығып. Ыбырайым:
– Уахиды артынан айта жатарсың. Әуелі адал дастарқаннан дәм тат! Маған серік бол! – дейді. Періште амалсыз көнеді. Дастарханға ас келсе де, періште табаққа қол созбай отыра береді. Пайғамбар:
– Неге дәм алмайсың? – дейді. Жебірейіл:
– Мен – періштемін. Бұл дүниенің тамағын ішпеймін. Себебі, бұл дүниенің өз тәртібі бар. Бес күн жалғанда ішкен-жегеннің, көрген қызықтың есеп-қисабы бар. Ертең мақшар алаңында бұл пәнидегі ішкен-жегеннің сұрауы болады. Мен соны ойлап, уайымдап отырмын, – дейді.
Ыбырайым езу тартып:
– Сен ондадастарханға бата беріп, менің отбасыма дұға ет. Астың өтеуі сол болсын, – дейді. Жебірейіл келіседі. Дастарқан басында екеуі сырға толы рухани сұхбат құрады. Періште Ыбырайымның ықылас-пейіліне риза болып, астан соң, дастарқанға бата жасап, дұға етеді. Жебірейіл кетіп бара жатқанда Ыбырайым оны тоқтатып:
– Маған қандай уахи алып келіп едің? Айтпадың ғой, – дейді. Жебірейіл:
– Біздің сұхбатымыз Алланың уахиы еді, – депті.
Осыдан бастап астан соң, дастарханға бата жасап, дұға тілеу деген дәстүр пайда болыпты.
Қазақ арасында осы дәстүрдің берік орныққаны соншама, тіпті ел арасында мынадай аңыздар көп тараған. Кейбір әулие қарттар айналасында отырған адамдардың түгел ас ішіп болуын күтетін болған. Тіпті керек десеңіз киіз үйдің есігінің алдында жем шұқып отырған торғайлардың да жем жеп болуын тосқан екен. Рухани сұхбатты уахиға теңегендіктен де әулие адамдар дастарқан басында дүние сөзін сөйлеп, мағынасыз сұхбат құрудан сақтанған.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Ібілістің балалары
Тәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көрді. Сол кезде Ібіліс лып етіп Адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзасын, қан тамырларын аралап шығады да, үш баласын Адамның үш жеріне орналастырады.
Бірінші баласын Адамның өңешіне жайғастырып:
– Сен көмейде отыр! Адам сөйлегенде сөзінің арасына анайы сөздер салып тұр! Сенің әсеріңнен жағынан жаңылып, басы бәлеге шатылатын болсын! – деп тапсырады. Екінші баласын жүрекке орналастырып:
– Адамның жүрегіне күмән саласың! Соңғы демі үзілгенше күдіктен арылмайтын болсын! – дейді. Үшінші баласын қуықтың басына қойыпты:
– Сен кіші дәрет алғанда бір тамшы зәрін тұтып қал! Адамдар құлшылыққа кірісіп, намазын өтеп жатқанда бір тамшы зәрді ағызып, оның дәретін бұзасың, – дейді. Содан бастап Ібілістің үш баласы адамның үш жерінде отырып, кесірін тигізетін болыпты. Егер пенде аңдап сөйлемесе, басы дауға шатылып, тірісінде Аллаға иман келтірсе де, күмәннан айықпайтыны және намазының жиі бұзылатыны содан екен.
Сондықтан мұсылмандар дәрет алғанда тамағын терең шайып, «ғар-ғара» тартып, өңештегі шайтанды қуады. Алланың есімдерін зікір етіп, жүректегі шайтанды тоқпақтайды. Дәрет алғанда таһараты кәміл болмай, намазға тұрмайды.
Екінші бір аңызда Ібіліс періште сипатында келіп, Адам мен Хауаға бір қоржын беріп кетеді. Ол кезде Адам ата мен Хауа ана әлі еш нәрсенің байыбын білмейді екен. Қоржында ашып қалса, лып етіп балық шығады.
– Е, мынау балық екен ғой. Суға жіберейік! – дейді де, суға жібереді. Қоржынға тағы қолын салып қалғанда саусақтары күйіп қалады. Онда шоқ жатыр екен.
– Мынау шоқты не үшін салған? Отқа тастамай ма? – деп, оны күлге лақтырып жібереді.
Қоржында тағы бір зат қомпиып жатады. Қараса, ет екен.
– Еее, бізге азық жіберген екен ғой, – деп оны жеп қояды.
Қоржындағы үш зат Ібілістің балалары екен. Кейін Ібіліс балаларын шақырып алып:
– Үшеуің жайлы жерге орналастыңдар! – дейді шаттанып. Балыққа ұқсайтын ұлына:
– Сен суға келген адамды азғыр! – дейді. Шоққа ұқсайтын екінші баласына:
– Кім күлді басса, соны тура жолдан тайдыр! – дейді. Етке ұқсайтын кенжесіне қарап:
– Ең жақсы жерге жайғасқан сенсің. Адамның ішінде отырып, оны азғырасың, – депті.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар сахабаларына:
– Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып:
– Уа, Алланың елшісі! Өсек зинадан қалайша ауыр болады? – деп сұрайды.
– Зина жасаған адам өз ісін күнә деп біледі. Шын тәуба қылып, өкінсе, Алла кешеді. Өсекші өз ісін күнә деп ойламайды. Екі адамды шағыстырып, бүлікке жол ашады. Бәлесінен қаншама жан азап тартып, қиянат көреді. Өсектің зинадан ауыр болатын себебі – осы, – депті. Мұсылмандар арасында өсек айтуға тыйым осылай шыққан екен. Қазақ арасында да осыған байланысты «Ердің ғайбатын айтпа, қайратын айт» деген сөз тараған екен.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Ынтымақты бұзды
Ертеде Нығмет пен Үсен деген ағайынды жетімдер Шаһимардан деген байдың малын бағыпты. Екеуі кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Жиырма жыл жалшылықта жүреді. Бай олардың жайын ойламапты. Бір күні екеуі бөлек шығып, байдан ақысын сұрамақ болады. Сараң бай арық ат пен бұзаулы сиыр берді. Берген ақыға разы болмаса да, қанағат тұтудан басқа жолдары жоқ еді. Ат пен сиырды жетелеп, басы ауған жаққа жүре береді.
Қас қарая бір өзеннің жағасына келіп демалады. Кешке сиырды сауып, сүтін пісіріп отырғанда аттың дүбірін естиді.
– Әй, кім бар? Сөйлес! Құдайы қонақпын! – дейді дауыстап.
– Кімсің? – дейді екеуі.
– Атым – Қызыр. Қырғауылдай қорғалап, бөденедей жорғалап келемін, – дейді.
– Қызыр болсаң, қонатын жерге қон. Бізде қазір саған орын жоқ, – дейді. Қызыр кетіп қалады.
Сәлден соң тағы ат дүбірі естіледі.
– Әй, кім бар? Сөйлес! Құдайы қонақпын! – деп дауыстайды.
– Кімсің? Қайдан келесің?
– Атым – Бақ. Қырдан, ойдан келемін, – дейді.
– Бақ болсаң, орныңды тап. Саған орын жоқ, – дейді. Бақ та кетіп қалды. Үшінші дүбірлеген атты даусы естіледі.
– Әй, кім бар? Сөйлес! Құдайы қонақпын! – дейді жолаушы. Бұлар:
– Кімсің? Қайдан келесің? – деп сұрайды.
– Атым – Дәулет, – дейді.
– Ендеше дәулетті жерге бар. Іздегенің біз емес, – дейді екеуі. Дәулет те кетіп қалады.
Сүт пісті деген кезде ат дүбірі тағы естіледі.
– Әй, кім бар? Құдайы қонақпын! – дейді аттылы.
– Кімсің? Қайдан келесің?
– Атым – Ынтымақ, – дейді. Сол кезде екеуі жүгіріп шығып, аттың шылбырына оратыла кетіп:
– Ынтымақ болсаң, қонақ бол. Біздің іздегеніміз – сенсің, – дейді екеуі.
Соятын атты көлденең тартып, «Әумин!» деп бата сұрайды. Ынтымақ:
– Жан баққан жалғыз атты маған сойсаңдар, қалай күнелтесіңдер? – дейді.
– Үйде ынтымақ болса, жоқшылық кірмес. Қайғы-мұң баспас. Мал тағы да бітер, бақ қайта қонар. Батаңды бер, – дейді жігіттер. Ынтымақ екеуіне риза болып, екі алақанын жайып жіберіп:
– Құдай оңдасын, Қызыр қолдасын! Бақ қосылып, Дәулет дарысын. Аллаһу акбар! – деп бата береді. Нығмет пен Үсен атты сойып, етін қазанға салады.
Ет пісті деген кезде сырттан көп аттың дүбірін естиді. Қараса, Қызыр, Бақ, Дәулет – үшеуі қайта келіп тұр екен. Екі жігіт жүгіріп шығып, қарсы алады. Оларды әлгінде қондырмағаны үшін кешірім сұрайды. Қызыр:
– Балаларым, оған қысылмаңдар, Ынтымақ болмаса, Қызыр қонбайды, Бақ қарамайды, Дәулет дарымайды. Біз Ынтымақтың бастауымен келдік. Көсегелерің көгеріп, өркендерің өссін! – дейді.
Ертесіне төрт қонақ батасын беріп, аттанады. Содан бастап Нығмет пен Үсеннің үйіне береке дариды.
Бай болып, бақуатты жанға айналғанда да, екі жігіт ынтымағын жоғалтпапты. Ұрпақтарына «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» деп өсиет қалдырған екен.
-------------------------------------------------
🎧 Құрметті тыңдарман! Өз ыңғайызға қарай барлық платформаларда өз ыңғайыңызға қарай тыңдай аласыздар:
Telegram, YouTube, Apple Podcast, VK .
📌 Басты ниет — көкірекке құндылық құю.
📥 Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
• Telegram: https://t.me/saltdastursoileidy
• YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал
• Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
• VK: https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss
Жезөкше атауы
Ібілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі-зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп қылыпты. Иманы әлсіздерді зинақорлыққа азғырады екен. Осындай лас іспен айналысып, адамдардың қарғысын ала берген соң, екі өкшесі ойылып түсіп қалыпты. Өкшесінің орны уақыт өте келе мүйізденіп, қатаяды. Жұрт оны «жезді өкше», «жезөкше» деп атапты. Ел арасында жеңіл жолға түскен әйелді жезөкше деп атау осыдан қалған деседі. Қазақта «ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен түседі» деген мақал Ібіліске қарата айтылған екен.