
Қазақстанда археология саласындағы қарақшылық күшейіп барады. Көне ескерткіштер тоналып, қасиетті жерлер бүлініп жатыр. Кей әкімдіктер мұны біле тұра үндемейді. Бүгінгі подкаст қонағы – тарихшы-археолог Әзілхан Тәжекеев осы жайында сөз қозғады. Ол заңсыз қазбалардың қалай жүргізілетінін түсіндірді. Хан ордаларының зерттелмей жатқанына тоқталды. Археологиялық қарақшылықпен айналысатындардың тарихты өте жақсы білетінін, тіпті заңнан хабардар екені жайлы да айтты.
Подкаста музей тақырыбы да қозғалды. Музей – ғылым мен халық беттесетін орынға айналуы керек. Бірақ көпшілік әлі күнге дейін музейге қызықпайды. Тағы бір өзекті тақырып – Оңтүстіктегі «қолдан жасалған әулиелер».
Сондай-ақ подкаст барысында ДНҚ зерттеуінің тарихқа әсері талқыланды.
Подкаст қонағы: Әзілхан Тәжекеев, тарихшы- археолог