Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Business
Society & Culture
Sports
Technology
Fiction
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts221/v4/25/90/f4/2590f474-5f5e-45c7-9987-d7a3e2d21a73/mza_7766960884742550552.jpg/600x600bb.jpg
de.media
de.media
37 episodes
1 day ago
De. – креатив контент өндіретін жаңа медиа
Show more...
News
Business
RSS
All content for de.media is the property of de.media and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
De. – креатив контент өндіретін жаңа медиа
Show more...
News
Business
https://img.transistor.fm/VmDlTsO31Ld12rdfwjlz2oRJ7aGqz_qg8_qkoyG9zmQ/rs:fill:0:0:1/w:1400/h:1400/q:60/mb:500000/aHR0cHM6Ly9pbWct/dXBsb2FkLXByb2R1/Y3Rpb24udHJhbnNp/c3Rvci5mbS82Njc2/ZDAyM2IwZTkwNmJl/MzAyYTBhYzRhNWNk/MjgzMS5wbmc.jpg
Заңсыз несиені халық емес, банк төлеуі керек
de.media
9 minutes
2 days ago
Заңсыз несиені халық емес, банк төлеуі керек

Қазақстандағы банк жүйесі қоғамдағы басты даулы тақырыптардың біріне айналды. Мемлекет те халықтың уәжін ескеріп, заңға өзгерістер енгізіп жатыр. Осы тұста Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов банктердің жұмысына қатысты бірнеше өзекті мәселені көтерді. Оның айтуынша, шамадан тыс еркіндік пен бақылаудың әлсіреуі банктерді заңсыздыққа итермелеп, тұтынушыларды қорғау тетіктерін әлсіреткен.

 

Сұхбат барысында депутат бірқатар маңызды проблемаларды атап өтті:

 

– 2020 жылдан бері банк жүйесіндегі бақылаудың төмендеп, алаяқ схемалардың күшейгені;

– банктер үшін тұтынушылық несие ең табысты бағытқа айналғаны;

– банкке бармай, құжат көрсетпей рәсімделген несиелердің барлығы заңсыз екені;

– биометрия заңсыз өтсе, мұндай несиелерді банк толық өтеуі тиіс екені;

– кей банктердің биометрияны өздері заңсыз өткізген фактілері;

– банктердің алаяқтармен сыбайлас болуы мүмкін екені;

– несие рәсімдеген қызметкерлерге қылмыстық жауапкершілік енгізудің маңыздылығы;

– банктер арасындағы бәсекенің жоқтығы пайыздық мөлшерлемені қолдан көтеріп отырғаны.

 

Әбеновтің дерегінше, соңғы екі аптада 350-ден астам азамат несие дауына шағымданған. Бұл банк саласындағы мәселенің қаншалықты тереңдегенін көрсетеді.

de.media
De. – креатив контент өндіретін жаңа медиа