
Соңғы жылдары Қазақстанда пиар саласы жаңа деңгейге көтерілді. Подкастта Қазақстандағы пиар саласының қазіргі ахуалы нақты мысалдармен талданады. PR маманы Ақсұлу Саңғали мен журналист Қаламқас Нысанбай қоғамдық пікір не себепті қалыптаспай отырғанын, ақпарат тарағанымен не себепті талданбайтынын нақты деректермен түсіндіреді.
– Қазақстандық пиар саласының кәсіби деңгейі.
– Орыстілді пиардың қазақтілді аудиторияның менталитетін ескермейтіні.
– Үкіметтің тиімді бағдарламалары неге халыққа дұрыс жеткізілмейді?
– PR-дағы манипуляция, жалған ақпарат және эмоция арқылы әсер ету тәсілдері.
– Халықтың ақпараттық сауаты мен медиамәдениеттің төмендігі нақты мысалдар.
– Тұрсынбек Қабатовтың жағдайы пиар тұрғысынан талданып, оның абыройын қорғаудың балама жолдары ұсынылды.
– Cancel culture, фейк ақпарат және қоғамның агрессияға бейімділігіне қатысты пікірлер.
Маман хайптың да өз рөлі бар екенін, оны дұрыс пайдаланған жағдайда қоғам назарын маңызды мәселелерге бұруға болатынын атап өтті.
Билік пен халық арасындағы коммуникация дағдарысына баспасөз мәтіндерінің әсері нақты мысалдармен дәлелденді.
Подкаст қонағы: Ақсұлу Саңғали, PR маманы