Home
Categories
EXPLORE
True Crime
Comedy
Society & Culture
Business
Sports
TV & Film
Technology
About Us
Contact Us
Copyright
© 2024 PodJoint
00:00 / 00:00
Sign in

or

Don't have an account?
Sign up
Forgot password
https://is1-ssl.mzstatic.com/image/thumb/Podcasts122/v4/4f/e0/fa/4fe0fae7-588b-b5a2-2d06-f911abb408af/mza_2521732907337139873.jpg/600x600bb.jpg
Qazaqsha Podcast
Bella Orynbetova
20 episodes
2 weeks ago
Мұнда қазақ тілінде подкасттар тыңдай аласыздар. Бұл подкасттарда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Подкасттың тұрақты жүргізушісі: Бэлла Орынбетова
Show more...
Personal Journals
Society & Culture
RSS
All content for Qazaqsha Podcast is the property of Bella Orynbetova and is served directly from their servers with no modification, redirects, or rehosting. The podcast is not affiliated with or endorsed by Podjoint in any way.
Мұнда қазақ тілінде подкасттар тыңдай аласыздар. Бұл подкасттарда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Подкасттың тұрақты жүргізушісі: Бэлла Орынбетова
Show more...
Personal Journals
Society & Culture
Episodes (20/20)
Qazaqsha Podcast
Әкеммен екі кесе шай
Бұл “Екі кесе” подкастының жалғасы іспеттес. Әкемнің шай үстінде адамгершілік туралы айтқан естелігі менің подкаст эпизодымда тұруға тиіс
Show more...
1 year ago
12 minutes 43 seconds

Qazaqsha Podcast
Maqala tyñda_Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі

Qazaqsha podcast жаңа айдары "Maqala tyñda" деп аталады. Мұнда қазақ медиасында жарияланған өзекті де сапалы материалдар туралы айтамын. Алғашқы эпизодта журналист Нұртай Лаханұлының Азаттық радиосы сайтында жарияланған «Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі "лагерь" тақырыбын қозғауға құлықсыз» материалы.

– Қытайда қалған туыстарымның амандығын білейін деп келдім. Ол жақта бауырларым, ағайын-жұрағатым бар. Естуімізше, онда қиындық көп болып жатыр. 2017 жылы басталған Қытай саясатының салдарынан түрмеге қамалған достарым бар. Сотталып кеткен ерлі-зайыпты таныстарым да бар. Балалары жетімдер үйінде қалды. Сондағы олардың бар қылмысы – намазға жығылғаны, – дейді Ералы.

Осыдан кейін ғана Оралтай: "Қазақстанға барғанда әртүрлі әңгіме айтпайсың деп, қолымызды қайырып, талай қағазға қол қойғызды ғой" деді...

Show more...
3 years ago
12 minutes 26 seconds

Qazaqsha Podcast
Жақсылық

Бұл эпизод біздің өмірде көрген, қанша уақыт өтсе де жылуы әлі кете қоймаған жақсылық туралы. Өздерінің мейірімге, жылуға толы естеліктерімен бөліскен достарым Қаламқас Толымбекқызы, Болатбек Мұхтаров, Айсұлтан Жақыпоы, Аян Қалмұрат, Мейірман Ілес, Назерке Низамудинқызына және есімін атамауды жөн көрген досыма көп алғыс. 

Show more...
3 years ago
36 minutes 31 seconds

Qazaqsha Podcast
Бейпіл әңгіме

Бұл эпизод қазақтың боғауыз, бейпіл сөздері жөнінде. Ұят, мораль шектеуімен қазақтың ауыз әдебиетінің осы саласы ұмыт болып барады. Бейпіл сөздерді жаңғырту көпшілік орындарда бейәдеп сөйлеуді білдірмейді. Бұл әңгіменің де өз орны, аудиториясы бар. Сондықтан да эпизодқа қатысты 18+ жас шектеуін тағы да еске саламын. Эпизод басындағы дисклеймер Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тіліңдегі сөзді синтездеу жобаcымен жасалды. Эпизодта Аршат Қайролланың, "Адаптация" тобының музыкасы қолданылды.

Show more...
4 years ago
1 hour 23 minutes 20 seconds

Qazaqsha Podcast
Ауыл мен қала

 Балалығымыз ауылда өтіп, қалада есейсек те, біз не ауылдық не қалалық болмадық. Кешегі мен бүгінгі, өзім және өзге, ауыл мен қала туралы эпизод Айсұлтан Жақыповпен)

Show more...
4 years ago
1 hour 12 minutes 8 seconds

Qazaqsha Podcast
Ȁǐel beǐneli saǐasat

Саясатпен, азаматтық белсенділікпен айналысатын қыз-келіншектер бір жағынан заңсыздықпен күрессе, екінші қоғамда қалыптасып қалған стереотиптермен де күресуге мәжбүр. Бұл подкаст мақсаты - әйелді киелендіріп, ерлерді тұқырту емес, әсте. Тек ой салу.  Подкаст қонақтары: Инга Иманбай, Әсем Жәпішева.

Show more...
4 years ago
40 minutes 11 seconds

Qazaqsha Podcast
16 шәйнек шай немесе достардың әңгімесі

Бұл эпизод арнайы подкаст ретінде жазылған жоқ. Былтыр, қазан айында Қызылорда қаласына жол түскен болатын. Сондағы бір кездесуіміздің бір ғана бөлігінің аудиожазбасы. Айтпақшы, қонақжай қызылордалық достарым Zhamilya Kassymkhan мен Oskar Gasta көп рақмет.

Show more...
4 years ago
52 minutes 1 second

Qazaqsha Podcast
10 қала

Ғалымжан Оразымбет екеуміз қыркүйек, қазан айларында Қазақстанның он қаласын: Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы аралап, сапарға шығып едік. Осы сапардың дәмін, әсерін ораға салған эпизод.

Show more...
5 years ago
32 minutes 9 seconds

Qazaqsha Podcast
Саясаттағы адам

Подкаст қонағы - Қазақстандағы санаулы тәуелсіз саясаттанушылардың бірі Шалқар Нұрсейітов. Бұл эпизодта Шалқар белгілі бір саясаткер туралы емес, азаматтық қоғам өкілі, сіз бен біз туралы айтады. Саясатпен айналысу үшін ешкімнен рұқсат алудың, арнайы білім алудың қажеті жоқ. Өзі тұратын мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мұрат ететін кез келген азаматтық қоғам белсендісі осы әңгіменің басты кейіпкері. Саясатанушы  азаматтық қоғамдағы "саясатпен" айналысатын адам туралы, оған биліктің көзқарасы, оның құндылықтары туралы пікірін айтады. Біздің азаматтық қоғамға жетпейтіні не, оны біріктіретін, күш беретін не? Радикал оппозиция қайдан шығады? Өзгерістер қашан басталады? осы және басқа да сұрақтарға саясаттанушы жауабын осы эпизодтан табасыз.

Show more...
5 years ago
1 hour 4 minutes 27 seconds

Qazaqsha Podcast
Үрейге толы эпизод

"Үрей. Күйзеліс. Паранойя. Психикалық дерті бар адамдардың басынан кешіретін жағдайы осы. Карантин кезінде біз уақытша олардың не сезінетінін білетін болдық. Бұдан былай оларға түсіністікпен қарайтын шығармыз деп ойлаймын"...  

Бұл эпизодта біз: Сая Бақимова, Ернар Бекенов үшеуміз үрей, қорқыныш сезімдері туралы айтамыз. Үрей қайдан шығады? Оның пайдасы бар ма? Оны қалай жеңуге болады? Сонымен қоса бұл эпизодта Нұрлыбек Зинабдин, Гаухар Раянова, Абылай Амантай, Ғалымжан Оразымбет және Бекзатбектің естеліктері қолданылды.

Show more...
5 years ago
51 minutes 57 seconds

Qazaqsha Podcast
Сауат өлшемі. Сіз сауатты адамсыз ба?

Сауат деген не? Қатесіз жазу ма, білгеніңді іске жарату ма? Біз өзімізді сауаттымыз деп айта аламыз ба? Ал тұтас халықты ше?

Бұл эпизодта медиатренер, медиа зерттеуші Асхат Еркімбай, аудармашы, блогер Асқар Базарбай (Oskar Gasta) және блогер, азаматтық белсенді Ғалымжан Оразымбет біздің заманымыздағы адамның сауат деңгейі туралы ой бөліседі. 

Show more...
5 years ago
1 hour 5 minutes 6 seconds

Qazaqsha Podcast
COVID19. Қашықтан жақын араласу

Бұл пандемия адамға, қоғамға, сезімге, экономикаға, сенімге сынақ іспеттес. Біз оны қалай қабылдаймыз? Үміт беретін не? Неден қорқамыз? Осы төңірегінде Ғалымжан Оразымбет және Бэлла Орынбетова ой бөліседі.

Подкаст барысында айтылған ресурстарға сілтемелер: 

https://www.coronavirus2020.kz/ Қазақстан бойынша ресми мәліметтер 

Әлемдік жағдайды қадағалайтын сайт: https://www.worldometers.info/coronavirus/#countries



Show more...
5 years ago
1 hour 11 minutes 29 seconds

Qazaqsha Podcast
Біз қалай ксенофоб болдық

Бұл эпизодта Айсұлтан Жақыпов, Meihua Zheng және мен ксенофобия туралы әңгімелестік. Негізі бұл әңгімеге түрткі болған Қазақстанда жыл сайын әр өңірден бұрқ ете қалатын этнос аралық конфликттер. Атап айтқанда 2020 жылдың 5-7 ақпан күндері Қордайда болған оқиға.  Бірақ әңгіме тек Қордай төңірегінде емес. Мұнда біз басымыздан өткен жағдайлар, жеке әсерлеріміз, түйген ойларымызбен бөлістік. Бәлкім кей мәселелерге қатысты әлі де ойларымызды өзгертетін шығармыз, кемелдіктің шегі жоқ) Өз пікірлеріңізді бөлісе отырыңыз. 

Show more...
5 years ago
1 hour 7 minutes 26 seconds

Qazaqsha Podcast
1 КҮН: АУДАРМАШЫМЕН

"Бір күн" подкасты түрлі мамандық иелерінің әдеттегі жұмыс күнін баяндайды. Онымен қоса осы кәсіптің қиындығы мен артықшылығы, оған қатысты қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлер туралы да айтылады. Алғашқы эпизодта аудармашы Гаухар Раянова өзінің әдеттегі күнін сипаттап берді. Аудармашылардың табысы, жақсы аудармашы болу үшін не қажет екенін, "Еркектер қорқақтардың" туындауына қатысты болжамдар және басқа да қызықты дүниелерді біле аласыз. 

Подкаст жазуға келісімін берген Гаухарға көп рақмет)

Show more...
5 years ago
45 minutes 28 seconds

Qazaqsha Podcast
EKI KESE: Жаңа жылдық есеп

Подкаст жаңа жыл қарсаңында жазылған еді. Жаңа жыл бұл әдетте жылды қорытындылау, тағы бір жылға есею, өмір туралы ойлау, ғажайып күту, достарыңмен жиналу. Осы подкаст барысында мұның барлығы сөз болады. Екі кесе подкастының қонағы -  Ғалымжан Оразымбет.  

Show more...
5 years ago
1 hour 1 minute 56 seconds

Qazaqsha Podcast
EKI KESE: Кәріліктен неге қорқамыз?

Қария десе көз алдыңызға кім келеді? Оларға деген көзқарасыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай? Сіз кәрілігіңізді қалай елестетесіз? Қоғамның қарияларға арнап ойып жасаған стереотип шаблонына кіргіңіз келе ме? Eki kese шай үстінде Ғалымжан Оразымбетпен осы жөнінде сөйлескен едік

Show more...
5 years ago
37 minutes 13 seconds

Qazaqsha Podcast
EKI KESE: Жақын адамың қайтыс болғанда

Бұл подкаст менің сүйікті әпкем Ардаққа арналады... 

Дүниедегі ең жақын, ең қымбатты адамның өмірден өткенін қабылдау үшін маған үш жыл қажет болды. Қабылдау. Ұмыту емес. 

Жақындары қайтыс болғанда адамдар неге қайғырады? Меніңше өмірден өткен адамды емес, өзін аяғаннан.  Шындап келгенде өмір деген біз ойлағандай қорқынышты дүние емес сияқты. Eki kese подкастының қонағы Гаухар Раянова. Неге Гаухар, неге бұл тақырып екенін подкаст барысында түсінесіз. Сеніңіз, өлімнен кейін де өмір бар...   

Show more...
6 years ago
47 minutes 53 seconds

Qazaqsha Podcast
EKI KESE: Sayahat, USA & Mongolya

Бұл подкастта дизайнер, жас блогер, болашақ жиһанкез Symbatbyek Darigyerkhanuly АҚШ сапары, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы айырма мен ұқсастық, өмірін өзгерткен әдеттер, жақсы адамдар туралы пікірлерімен бөліседі ;)

Show more...
6 years ago
1 hour 2 minutes 3 seconds

Qazaqsha Podcast
EKI KESE: Әкежан Қажыгелдинмен сұхбат

Бұл подкаст мамыр айында Парижде жазылған еді. Әкежан Мағжанұлының елдегі қоғамдық-саяси жағдайына көзқарасы қызықтырды. Сенім, үміт және өкініш туралы Әкежан Мағжанұлының туралы айтқандарын тыңдай аласыз. 

Show more...
6 years ago
59 minutes 21 seconds

Qazaqsha Podcast
EKI KESE: адамгершілік әлде профессионализм

Мінезі ауыр, адамгершілігі жоқ профессионал әлде адами қасиеттері ғажап олақ маман ба? Бір қарасаң адамгершілігі, мінез-құлқы өзінің жеке шаруасы, бастысы өз ісін білсе дейсің. Бірақ "өркениетті батыста" сәл шалыс қадамы үшін төрден көрге кетіп жатқан профилерді көреміз ғой. Ұлтқа қызмет ету сонымен мінезден бе? Бұл туралы әріптесім Ұшқын Сәйдірахманмен сөйлескен едік.  Айтпақшы бұл біздің алғашқы подкаст болатын) 

Show more...
6 years ago
30 minutes 17 seconds

Qazaqsha Podcast
Мұнда қазақ тілінде подкасттар тыңдай аласыздар. Бұл подкасттарда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Подкасттың тұрақты жүргізушісі: Бэлла Орынбетова